Live

Қазақстан сиыр етін экспорттауға шектеу енгізбек

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін экспорттауға қойылған шектеуді ұзартуды жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Дәмхана

Құжатқа сәйкес, республикада алты ай мерзімге сиыр етін экспорттауға шектеу (квота) енгізу ұсынылады. Жаңа піскен, салқындатылған және мұздатылған сиыр етін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне және үшінші мемлекеттерге шығарудың жалпы көлемі 25 мың тоннадан аспайды.

Министрлік мұндай шараның бірнеше әлеуметтік-экономикалық себеппен қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, шектеу:

  • ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру және халықты қолжетімді етпен үздіксіз қамтамасыз ету;

  • отандық ет өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен толық қамту;

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін ел ішінде өңдеу көлемін арттыру;

  • ет өнеркәсібіндегі жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру мақсатында енгізілмек.

«Шектеулер отандық ет өңдеу кәсіпорындарының шикізат қорын қамтамасыз етуге, өңдеу көлемін ұлғайтуға, ел ішінде қосылған құнды арттыруға және ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған», – делінген бұйрық жобасының түсіндірме жазбасында.

Қазіргі уақытта құжат қоғамдық талқылау кезеңінде тұр. Талқылау 1 шілдеге дейін жалғасады. Осыдан кейін бұйрық бекітуге жіберіледі.

Тегтер: ет бағасы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз