Live

Қазақстан Таяу Шығыстан азаматтарын эвакуациялауға шамамен 4 млн доллар жұмсаған

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялауға мемлекет шамамен 4 миллион доллар жұмсаған.

Сауранбаев

Бұл туралы үкіметтегі брифингте көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Журналистер министрден азаматтарды эвакуациялауға кеткен шығындар өтелді ме және бұл мәселе қашан толық жабылатынын сұраған.

Сауранбаевтың айтуынша, үкімет пен әуе компанияларының басты міндеті — қазақстандықтарды елге қайтару болған.

Министр бастапқыда эвакуация шамамен 4 мың адамға қатысты деп жоспарланғанын айтты. Алайда іс жүзінде Таяу Шығыс өңірінде 10 мыңнан астам Қазақстан азаматы бары анықталған.

«Орта есеппен мемлекет бұл шараларға шамамен 4 миллион доллар жұмсады», - деді Нұрлан Сауранбаев.

Ол әуе компанияларының шығындарының бір бөлігін мемлекет өтегенін түсіндірді. Сонымен қатар кейбір жолаушылар билеттерін өздері сатып алған, яғни қызметтің бір бөлігі азаматтардың қаражаты есебінен төленген.

Министрдің сөзінше, өтемақы құрамына сақтандыру тәуекелдері де кірген. Бұдан бөлек, кейбір қазақстандықтарды жағдай тұрақтырақ болған Дубай мен оған жақын елдерден жеткізу қажет болған.

Еске салсақ, 2026 жылғы 14 наурызда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңірінен азаматтарды эвакуациялау аяқталғанын хабарлаған еді.

Тегтер: Таяу шығыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз