Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:30, 30 Қаңтар 2024

Қазақстан жемқор елдердің үздік 100 рейтингіне енді

рейтинг
Фото: из открытых источников

Қазақстан 100 балдың ішінде 39 балл жинап, жемқор 180 мемлекеттің ішінде 92-орынға ие болды, деп Zhasalash.kz.

Transparency International сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы ресми сайты 2023 жылғы жағдай бойынша сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (ЖҚИ) көрсеткішін жариялады. Көрсеткіш қорытындылары бойынша Қазақстан 100 балдың ішінде 39 балл жинап, сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдер қатарына кірді.

Осылайша Қазақстан жемқорлық деңгейі бойынша 180 елдің ішінде 92-орында тұр. Ұйым мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның позициясы өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 3 орынға төмендеген.