Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:03, 25 Сәуір 2024

Қазақстанда 20 су бөгеті салынады

м
Фото:

Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 cу бөгеті салынады. Бұл туралы Президент Тоқаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол Тараздағы Қазақ гидромелиорация-құрылыс институты қайта құрылатынын айтты. Одан бөлек, Алматыдағы Сейсмология институтының әлеуеті күшеймек. Сондай-ақ, су шаруашылығы саласын басқару жүйесі, оның ішінде «ҚазСуШар», «Нұра топтық су құбыры» сияқты компаниялары да түгел қайта құрылатыны айтылды.

Елдегі бөгеттер мен су қоймаларының барлығы дерлік өткен ғасырдың 50-70 жылдары салынған. Заман талабына сай су қоймалары тапшы болғандықтан, биылғы тасқынның зардабы тіпті ауыр болды. Сондықтан Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөгет салынады, тағы 15-іне күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонда 134 елді мекенді су басу қатері едәуір азаяды. Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына тасқынның алдын алу және оның салдарын азайту шаралары қосылады. Бұл шаралар халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленеді, деді Президент.

Фото: egemen.kz

Тегтер: