Қоғам

Қазақстанда 900-ден аса адамның киберқылмысқа қатысы бары анықталды

2026 жылғы 1 ақпан–30 сәуір аралығында республика аумағында «Anti-froud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде 827 киберқылмыс анықталды, оның 585 қылмыстық ісі бойынша тергеу аяқталды.

Киберқылмыс

Бұл туралы ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай хабарлады.

Оның айтуынша, алаяқтық жолмен ұрланған ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды.

«Киберқылмыстарды жасауға қатысы бар барлығы 909 адам анықталды, оның 12-сі шетел азаматы. Олардың 88-і қамауға алынды, 600 астам адамға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды. Заңсыз айналымнан 17 мыңнан аса дана киберқылмысты жасау барысында пайдаланылатын әртүрлі заттар тәркіленді. Киберқылмысты жасағаны үшін іздеудегі 5 қылмыскер ұсталды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.  

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз