Қоғам

Құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен екі жасөспірімге көмек көрсетті

Бүгін түнде Фурманов шыңы ауданында екі жасөспірімге құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Құтқару

Таңертең тауға шыққан балалар кері қайтар жолды өздігінен таба алмаған.

Жасөспірімдердің бірі анасына хабарласып, тауда адасып кеткендерін жеткізген. Олардың орналасқан жерінің координаттарын алған ҚР ТЖМ Республикалық құтқару қызметінің "Барыс" құтқарушылары дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.

Құтқарушылар жасөспірімдерді тауып алды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар балаларды Қимасар шатқалындағы алғашқы бақылау-өткізу бекетіне дейін алып түсіп, ата-аналарына тапсырды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз