Қоғам

Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты

Түркияның Ыстамбұл қаласында 26 жастағы Қазақстан азаматы көз жұмды.

Полицтя

Түркиялық DHA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қыз көрші ғимараттың шатырына өтпек болған кезде алтыншы қабаттан құлап кеткен.

Оқиға 25 қазан күні таңертең Ыстамбұлдың Шишли ауданында болған. БАҚ мәліметінше, Айсұлу есімді қыз балконнан көрші ғимараттың шатырына өтпек болған. Алайда шатырға төселген тенттің үстіне басқан сәтте төменге құлап кеткен.

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері келгенімен, қызды аман алып қалу мүмкін болмаған. Марқұмның денесі сараптамаға жіберілді.

Белгілі болғандай, Айсұлу Түркияға қыркүйек айында туристік визамен барған. Қыздың мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз