Қоғам

Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы 14–17 жас аралығындағы қыздар да тегін вакцина салдыра алады

Қазіргі таңда екпені 11-13 жас аралығындағы қыз балалар ала алса, жаңа өзгерістерге сай 14-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздар да тегін вакцина салдыра алады.

Паппилома

Вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүргізіледі. Екпені емханаларда немесе мектептерде алуға мүмкіндік бар.

Дәрігерлердің айтуынша, адам папиллома вирусы жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі саналады. Вирус көбіне жыныстық жолмен берілетіндіктен, мамандар вакцинаны ерте жаста салдыру тиімді екенін айтады.

Адам папиллома вирусы – әлем бойынша кең таралған вирустық инфекциялардың бірі. Мамандар вакцина жатыр мойны обырының алдын алуда тиімді әдіс екенін айтады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз