Қоғам

Қазақстанда алаяқтық жасады деген күдікпен Корея Республикасының 14 азаматы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағында жұмыс істеген халықаралық алаяқтық колл-орталықтың қызметіне тосқауыл қойды.

Корея

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 23 шілдеде Корея Республикасының 14 азаматы ұсталған. Олар өз елінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген.

Тергеу барысында күдіктілердің уақытша тұрған орындарына тінту жүргізіліп, заңсыз қызметте пайдаланылған компьютерлер, ноутбуктер мен ұялы телефондар тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұсталған шетел азаматтары процестік іс-шараларды жүргізу және кейіннен депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз