Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:22, 19 Шілде 2024

Қазақстанда БАҚ өкілдерін аккредиттеу талабы күшейтілмек

о
Фото: pixabay

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі "Ашық НҚА" порталында журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрық жобасын жариялады.

Аталған құжатта журналистердің іс-шара туралы тек аккердиттелген БАҚ бетінде ғана жариялауды талап етеді. Егер ақпарат екінші БАҚ-та немесе әлеуметтік желіде жарияланса, журналист аккредитациядан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тіркеуші ұйым айқындайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Одан бөлек, аккредиттеуші ұйым өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдау және қарау тәртібін, оның ішінде мерзімдерін белгілейді. Яғни, журналистің іс-шара туралы ақпарат алуын аккредиттеуші ұйым шешеді.

Одан бөлек журналист:

  • аккредиттелген мемлекеттік органдар мен ұйымдардан алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату
  • аккредиттеуші ұйым жүргізетін іс-шаралар регламентінің сақталуы
  • аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтауға тиіс. 

 

Тегтер: