Live

Қазақстанда оқушы қыздарға мектепке макияжбен келуге тыйым салына ма?

Қазақстанда оқушы қыздардың мектепке макияжбен келуіне тікелей тыйым салынбаған.

Оқушы

Алайда білім беру ұйымдары мұндай шектеуді ішкі тәртіп ережелері немесе мектеп жарғысы арқылы енгізе алады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

«Макияжға қатысты бұйрықта нақты тыйым жоқ. Дегенмен мектептердің үлгілік ішкі тәртіп ережелері мен жарғылары бар. Бірыңғай талапты қамтамасыз ету үшін мектептер өз ережелерінде балалардың ғимарат ішінде макияжсыз жүруі керектігін белгілей алады», – деді ол.

Сонымен қатар оқушының сабаққа макияжбен келгені үшін ғана ата-анасына айыппұл салынбауға тиіс. Себебі косметика міндетті мектеп формасының құрамына кірмейді және тиісті бұйрықта талапты бұзу ретінде көрсетілмеген.

Ал мектеп формасына қойылатын талаптарды жүйелі түрде сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алдымен ата-анаға ескерту жасалуы мүмкін. Талап қайталанып бұзылса, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 2026 жылы бұл – 21 625 теңге.

Бірінші вице-министр мектептің өзі енгізген макияжға тыйымды бұзу ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартуға жеке негіз бола ала ма деген мәселені нақтыламады. Ол айыппұл мәселесін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың бұзылуымен байланыстырды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз