Live

Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда теміржол қызметтерінің тарифін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл пойыз билеттері бағасының өсуіне әкелуі мүмкін.

пойыз

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринтің айтуынша, теміржол және оған байланысты  қызметтер бағасын «аздап көтеру» мәселесі талқыланып жатыр. Алайда түпкілікті шешім әлі қабылданбаған.

«Қазір теміржол, магистральдық теміржол желісі (МТЖ) және қайта қызмет көрсету тарифтерін аздап көтеру мәселесін қарап жатырмыз. Әзірге есептеп жатырмыз. Егер бұл шешім қабылданса, инфляцияға әсері 0,8 пайыздан жоғары болуы мүмкін. Бірақ биыл инфляциялық әсер 0,3–0,5 пайыз дәлізінде қалады деп болжап отырмыз. Бірінші кезеңде орта есеппен 12 пайызға дейін көтеру қарастырылуда. Яғни инфляция шегінде», - деді министр.

Сонымен қатар Жұманғарин нақты параметрлер әлі анықталмағанын айтты.

«Әзірге нақты белгісіз, өйткені бұл есептеуді қажет ететін мәселе. Басқа бағыттар бойынша тарифтерді анықтап алғаннан кейін ғана бұл мәселе соңғы кезекте қаралады», - деді министр.

Бұған дейін Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов жолаушылар тасымалы бағасының өсу себептерін түсіндірген еді.

«Жолаушылар тасымалы бойынша инфляцияға индекстеу аясында 1 наурыздан бастап бір реттік 7 пайыздық өсім болады. Биыл бұдан артық қымбаттау болмайды», - деген болатын ол ОКҚ брифингінде.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз