Live

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы бері 69 бала қаза тапты

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы бері су айдындарында 69 бала көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

су

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған, ағысы қатты әрі иірімі бар қауіпті жерлерде болған.

Сонымен қатар ІІМ ересектердің демалыс кезінде алкогольді ішімдік тұтынуы салдарынан балалардың қаза болу фактілері де тіркелгенін мәлімдеді.

Жыл басынан бері тыйым салынған орындарда суға түскені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабы бойынша 2 700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ІІМ Профилактикалық қызметті үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов ата-аналарды жабдықталмаған жағажайларға бармауға және балаларды су маңында бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырды.

Сондай-ақ ол аптап ыстықта салқын суға бірден түсу дене температурасының күрт өзгеруіне әкеліп, қан тамырларының түйілуі мен бұлшықеттердің тартылуын туындатуы мүмкін екенін ескертті.

Тегтер: Суға бату
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз