Live

Қазақстанда сөз бостандығы, ақпарат және бейбіт жиындар туралы заңдарға өзгерістер әзірленіп жатыр

Қазақстанда заңнаманы жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіру мақсатында тағы 18 заңға өзгерістер әзірленіп жатыр.

1

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

«Заңнаманы Конституция талаптарына сәйкестендіру мақсатында тағы 18 заңға түзетулер әзірленуде. Атап айтқанда, сөз бостандығы мен ақпарат тарату, діни ұйымдардың қызметі, бейбіт жиналыстар өткізу, волонтерлік қызметті қолдау, қайырымдылық, мәдениет, кинематография және Конституциядан тікелей туындайтын өзге де мәселелерге қатысты заңнамалық өзгерістер енгізу жоспарланып отыр», – деді Балаева сәрсенбі күні өткен Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, конституциялық өзгерістерге сәйкес бұған дейін үш заңға түзетулер енгізілген. Олар – Ұлттық архив қоры және архивтер, қоғамдық кеңестер және ақпаратқа қол жеткізу мәселелеріне қатысты заңдар.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз