Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:32, 06 Маусым 2024

Қазақстанда TikTok-тың жұмысына тосқауыл қойыла ма?

е

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов сенатта TikTok-тың Қазақстандағы жұмысына тосқауыл қою туралы сауалға жауап берді. 

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан TikTok әлеуметтік желісін бұғаттауды жоспарламайды. Дегенмен, кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін.

"Қазіргі уақытта бұғаттау мәселесі күн тәртібінде жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, оның ішінде қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар көзделген",-деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.

Айта кетейік, бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok желісін бұғаттау туралы мәселе қарастырылып жатқанын айтқан.

Фото: pixabay

Тегтер: