Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:19, 13 Наурыз 2024

Қазақстанда Youtube Premium сервисі іске қосылды

мусин
Фото: vidiq.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Google компаниясының Youtube Premium сервисін Қазақстанда іске қосқанын хабарлады.

Министрліктің айтуынша, бұл пайдаланушылар мен контент жасаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

️Өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабындағы өз жұмыс сапары барысында Бағдат Мусин Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен Қазақстанда сервистің іске қосылуын талқылаған.

Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қол жетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар, министрлік қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде тұрғанын айтты.

Фото: vidiq.com