Әлеумет

Қазақстанда зорлық-зомбылық көрген балаларға көмек көрсететін арнайы кабинеттер жұмысын бастайды

Оқу-ағарту министрлігі елде зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсететін арнайы кабинеттер жұмысын бастайтынын хабарлады.

Кабинет, балалар

Ведомство мәліметінше, бастаманың негізгі мақсаты – балаларға психологиялық, медициналық және құқықтық көмекті бір жерден, жедел әрі қауіпсіз түрде ұсыну.

Арнайы кабинеттер мемлекеттік мекемелер базасында немесе жеке заңды тұлға ретінде жұмыс істей алады. Жобаны қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Министрлік ақпаратына сәйкес, көмек тәулік бойы және тегін көрсетіледі. Кабинеттерге туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балалар қабылданады.

Қызмет алу үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі қажет. Алайда егер ата-ананың әрекеті баланың мүддесіне қайшы келеді деп танылса, шешім қамқоршылық органдары арқылы қабылданады.

Сондай-ақ жаңа ережеге сәйкес, көмекке жүгінген әрбір баланың жеке деректерінің құпия сақталуына кепілдік беріледі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз