Қоғам

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына қатысты келісімшарт жасалды

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын жобалау және салу бойынша негізгі келісімшартқа қол қойылды.

АЭС

Құжатқа «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының еншілес ұйымы – «Атомстройэкспорт» АҚ өкілдері қол қойған. Келісімге қол қою рәсіміне Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» бас директоры Алексей Лихачёв қатысты.

Келісімшарттың рәсімделуі Қазақстандағы алғашқы АЭС жобасының нақты іске асыру кезеңіне көшкенін көрсетеді.

2026 жылғы 28 мамырда жасалған үкіметаралық келісімге сәйкес, енді тараптар жобаны жүзеге асыруға қажетті рәсімдерді бастайды. Оның ішінде АЭС құрылысы жобасын Қазақстан Үкіметімен келісу жұмыстары да бар.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз