Қазақстандағы барлық электр станцияларына 326,7 млрд теңге бөлінеді

Биыл Қазақстандағы барлық электр станцияларының жөндеу жұмыстарына 326,7 млрд теңге мөлшеріндегі қаржы бөлінеді деп күтілуде, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.
Бұл ретте «МАЭК» ЖШС-нің 2-ЖЭО-ның №7 қазандығын жөндеу жұмыстары 1 шілдеде басталады.
«Қармет» АҚ ЖЭО-2-де 25 маусымда №2 қазандықты жөндеуді бастау жоспарлануда. Мерзімнің ауысуы қажетті қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды жинақтау қажеттілігіне байланысты.Өскемен қаласындағы «Согра ЖЭО» ЖШС-де 20 маусымнан бастап №2 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін №1 турбинаның жөндеу жұмыстары басталады. Бұл №2 турбинадағы қосымша жұмыстардың анықталғанына байланысты.«МАЭК» ЖШС ЖЭО-дағы №2 энергоблок пен «Степногорск ЖЭО» ЖШС-нің №3 қазандығын жөндеу жұмыстары аяқталды, делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстарының барысын бақылау үшін Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ Энергетика министрлігінің басшылығы апта сайын электр станцияларына барып тұрады.
Бүгінгі таңда 3 энергоблокта, 24 қазандықта және 11 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1 энергоблокты, 4 қазандықты, 7 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталған.