Қоғам

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлері 1 қазанға дейін жылуға қосылады

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымы 1 қазанға дейін басталуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

жылу

Павлодар облысында жылу беру маусымы 14 қыркүйектен басталды. Ал өзге солтүстік және шығыс аймақтарда нақты іске қосу мерзімі ауа райына байланысты белгіленеді. Министрдің айтуынша, республика бойынша жылу желілерінің дайындық деңгейі 97 пайызға жеткен. Жоспарланған 377 шақырым желінің 366 шақырымы жөнделген.

Өңірлердегі дайындық жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Петропавл қаласында магистральдық жылу желілерінің 95 пайызы дайын. Қалған жұмыстарды апта соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Степногорск қаласында жылу жүйелерінің дайындығы 76 пайызды құрайды. Мұндағы жұмыстарды 25 қыркүйекке дейін аяқтау көзделген.

Семейде үш жоба бойынша жұмыстар 70 пайызға орындалған. Қажетті сорғылар мен жылу алмастырғыштар 26 қыркүйекке дейін жеткізілуі тиіс.

Сонымен қатар Ұлытау, Абай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы жылу энергетикасы нысандары министрліктің ерекше бақылауында тұр.

Жауапты ведомствоның мәліметінше, жылыту маусымын уақытылы бастау үшін қалған жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталуы қажет.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз