Қоғам

Шетелдік блогердің Маңғыстау даласында дәрет сындырған видеосы қызу талқыланып жатыр

Әлем елдерін аралап, саяхат туралы контент түсіретін канадалық видеограф Olessia Pliousnina Маңғыстауда түсірген видеосымен әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

Блогер

Блогер жариялаған кадрларда оның далада дәрет сындырғаны көрінеді. Ол айналаны әзілмен бағалап, видеоға «100/10 pee spot» деген жазу қалдырған.

Блогердің Instagram парақшасына шамамен 38,3 мың адам жазылған. Olessia Pliousnina саяхат тақырыбындағы бейнематериалдар дайындаумен кәсіби түрде айналысады.

Видео әлеуметтік желіде кең тарағаннан кейін блогердің Instagram парақшасы жабылып қалған. Оның парақшасының не себепті жабылғаны әзірге белгісіз.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз