Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:30, 18 Наурыз 2024

Қазақстандағы сайлау нәтижесі бойынша Путин жеңілді

путин
Фото: из открытых источников

Қазақстан аумағында Ресей Федерациясының азаматтары Алматы, Астана, Орал және Өскемендегі алты сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Шетелде дауыс беру» экзит-поллына сәйкес, Алматыда барлығы 2261 ресей азаматы дауыс беруге қатысқан. Бұл дауыс беруге келгендердің бір бөлігі ғана. Қаладағы екі сайлау учаскесінде сайлаушылардың тек 8% және 7% Путинге, 69% және 63% Владислав Даванковқа, ал Леонид Слуцкий мен Николайға 0%-дан 1%-ға дейін дауыс берген. Респонденттердің шамамен 14%-ы бюллетеньдерді бүлдірген.

Астанадағы екі сайлау учаскесінде сайлаушылардың 23% және 45% Путинге, Даванковқа 59% және 46% дауыс берген. Слуцкий мен Харитонов 3 пайыздық межеден өте алмады. Кем дегенде 306 бюллетень бүлінген. Астанада 2400 ресейлік сайлауға қатысқан. 

Бішкекте сайлаушылардың саны 514 адамды құрады. Онда сайлаушылардың 35 пайызы Путинге, 44 пайызы Даванковқа дауыс беріп, 10 пайызы бюллетеньді бұзған.

Ташкент пен Самарқандтағы сайлау учаскелерінде 2392 ресейлік сайлауға қатысып, олардың 35% және 36% Путинді, 18% және 36% Даванковты таңдады. Шамамен 8% және 10% бюллетеньді бұзған.

Ал, РФ Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова Ресей президенті сайлауының соңғы нәтижелері 21 наурызда белгілі болатынын хабарлады.

Фото: vedomosti.ru