Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:55, 13 Мамыр 2024

Қазақстандық балуандар Олимпиадаға бармайды

d
Фото: из открытых источников

Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдама беретін соңғы іріктеу турнирінде қазақстандық балуандар топ жара алмады.

Олимпиада комитетінің мәліметінше, қазақстандық балуандар Олимпиадаға толық құрамда бармайды.

Әлемнің 93 елінен келген 517 балуан UWW үлестірген Париж ойындарының 54 жолдамасына таласты. Өкінішке қарай, Түркия төрінде біздің бірде-бір балуанымыз жарқырай алған жоқ. Еркін және грек-рим күресінің шеберлері Олимпиадаға толық құрамда бармайды. Ал Бейжің Олимпиадасынан бері алғаш рет әйелдер күресінен Қазақстан командасы жазғы ойындардан сырт қалмақ, деп хабарлады Олимпиада комитеті.

Қазақстан құрамасы еркін күрестен 3, грек-рим күресінен 2, әйелдер күресінен 6 салмақта жолдамаға таласқан.

Фото: olympic.kz

Тегтер: