спорт

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатындағы сыйақысын әлі алған жоқ

2025 жылы IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында жүлдеге ие болған қазақстандық боксшыларға уәде етілген ақшалай сыйақы әлі төленбеген.

Р

Бұл туралы Sportbugin.kz Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) сауал жолдап, жағдайдың мән-жайын анықтаған.

IBA өкілі қазақстандық спортшыларға тиесілі барлық сыйақы төленгенін мәлімдеген. Алайда Қазақстандағы жағдай бұл ақпаратқа қайшы болып отыр.

Бейресми мәлімет бойынша, әлем чемпионатында жеңіске жеткен және жүлде алған қазақстандық боксшыларға арналған қаражат Қазақстан бокс федерациясының шотына аударылған. Яғни ақша федерацияға түскені туралы ақпарат бар.

Мәселеге қатысты Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Самат Адхам сыйақы мәселесі жақын арада шешілетінін айтқан.

Осылайша, IBA ақшаның аударылғанын мәлімдегенімен, чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері әзірге сыйақыларын алмаған.

Сондай-ақ, боксшы Айдар Шәрібаев Дубайда өткен IBA әлем чемпионатында жүлдеге ие болған қазақстандық спортшыларға уәде етілген сыйақының әлі күнге дейін төленбегенін мәлімдеді. Ол Қазақстан бокс федерациясы мен Туризм және спорт министрлігінен қаржының не себепті кешігіп жатқанын түсіндіріп, нақты жауап беруді талап етті.

«Әлем чемпионаты өткелі тоғыз ай болды. Алайда жүлде алған боксшыларымыз әлі бір тиын алмаған. Неге Қазақстан бокс федерациясы спортшыларға тиесілі сыйақыны талап етіп, алып бермей отыр? Бұл қаражаттың не себепті төленбегені белгісіз», - деді ол.

Арада бірнеше ай өтсе де, қаржының спортшыларға нақты қашан берілетіні және не себепті кешігіп жатқаны ашық айтылған жоқ.

Тегтер: бокс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз