спорт

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық балуандар Болат Сақаев пен Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

1

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Болат Сақаев Солтүстік Корея өкілі Сон Ган Джиден басым түсті. Белдесу Сақаевтың пайдасына 12:2 есебімен, уақытынан бұрын аяқталды.

Одан кейін 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Азамат Дәулетбеков моңғолиялық Бат Эрдэнэ Бямбасүрәнді 3:0 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына өтті.

Жартылай финал кездесулері бүгін, 11 сәуірде өтеді.

Айта кетейік,  10 сәуір күні Моңғолия астанасы Улан-Баторда өткен ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы медаль есебінде бірінші орын алды.

Қазақстандық спортшылар жалпы 13 медаль жеңіп алды, оның 6-уы – алтын.

Жүлдегерлер:

Алтын: Надежда Рябец, Дина Исламбекова, Сабыржан Аққалықов, Оразбек Асылқұлов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай

Күміс: Бақыт Сейдіш, Төрехан Сабырхан

Қола: Айгерім Сәттібаева, Валентина Хальзова, Ертуған Зейноллинов, Махмуд Сабырхан.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз