Бүгін, 14:40
Қазақстандық спортшы әлем кубогында жеңіске жетті
Алина Дауранова конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдегер атанды.
Астана қаласының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті.
Ол 1 000 метр қашықтықта нео-сеньорлар санатында бірінші орын алып, 1:21.74 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигл (1:22.77) иеленсе, қола норвегиялық Айне Наккенге бұйырған (1:23.50).
Осыған дейін Алина Дауранова командалық спринтте алтын, 500 метр қашықтықта күміс жүлде жеңіп алған болатын.