Қазақстандықтар Олимпиадада нашар нәтиже көрсетудің басты себебі жемқорлық деп санайды - DEMOSCOPE
Азаматтардың 40%-тен астамы Қазақстанның Олимпиададағы әлсіз нәтижелерінің негізгі себебі жемқорлық деп санайды. Бұл туралы DEMOSCOPE бюросы мәлімдеді.
Бюро 2024 жылғы 22-30 тамыз аралығында халық арасында «Париж олимпиадасындағы Қазақстанның нәтижесі туралы ойы» деген тақырыпта сауалнама жүргізген.
DEMOSCOPE бюросы респонденттердің пікірінше, Қазақстан құрамасының көп медаль жеңіп алуына кедергі келтірген факторларды анықтады. Азаматтардың 40,6% негізгі себеп спорттағы жемқорлық екеніне сенімді. Одан бөлек: спортшылардың жеткіліксіз дайындығы (22,2%), қаржыландырудың жетіспеуі (19,1%), білікті жаттықтырушылар мен оқу-жаттығу базасының жетіспеуі (18,9%), балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы (18,6%) дегендер де бар.
Сауалнама нәтижелері Қазақстан құрамасының Париждегі Олимпиададағы өнеріне қоғам теріс баға беретінін көрсетті. Респонденттердің үштен бірі нәтижелерге көңілі толмады (35,3%), ал саулнамаға қатысқандардың одан көп бөлігі (37,1%) ұлттық құрамадан бұдан жақсы нәтиже болады деп күтпеген. Респонденттердің 21%-і ғана олар күткеннен де жақсы нәтиже көрсеткенін айтты. Бір қызығы, ойындарды мұқият бақылаған респонденттердің тобы спортшылардың нәтижелеріне барынша сын көзбен қарайды: олардың 43,8%-і ұлттық құрама үмітті ақтамағанын атап өтті.
Париждегі Олимпиада ойындарына Қазақстан халқының басым бөлігі назарын аударған: азаматтардың 40,6%-і ұлттық құраманың өнерін бақылаған. Олардың 13,2%-і ойындарды өте мұқият бақылаған, 12%-і негізгі оқиғалар мен нәтижелерді бақылаған, ал 15,4%-і кейде ойындарға қатысты жаңалықтарды қараған. Олимпиадаға қызығушылық таныту бойынша ерлер мен әйелдер арасында айтарлықтай айырмашылық бар – белсенді жанкүйерлер арасында әйелдерге (15,8%) қарағанда ерлер (35,5%) 2 есе көп.
Қандай олимпиадалық спорт түрлері қазақстандықтар арасында көбірек танымал болды? Сауалнама нәтижелері бойынша сөзсіз көшбасшы – бокс (60,7%). Одан кейін күрес (39,6%), дзюдо (38,2%) және гимнастика (12,5%).
Парижде өтетін Олимпиадаға дайындық барысындағы мемлекеттік спорт саясатына қоғамның берген бағасы қызық. Респонденттердің жартысына жуығы (46,9%) Қазақстан құрамасы үшін жарысқа басқа елдердің спортшыларын тарту тәжірибесін құптамайды. Бұл ретте (29,8%) бұл тәжірибені қолдаса, 18,1% бейтарап екенін айтты.
Сонымен қатар, қазақстандықтардың көпшілігі (76,3%) Олимпиада чемпиондарын қымбат әрі ақшалай сыйлықтармен марапаттау тәжірибесін жақтайды. Олардың пікірінше, чемпиондар марапатқа лайық. 10% бейтарап екенін айтты, өйткені олар одан ешқандай пайда немесе зиян көрмейді. Ал бұл үрдіске 8,6%-і ғана қарсы, «бұл олимпиадалық рухқа қайшы әрі спорттың коммерциялануына әкеледі» деп есептейді.
Қазақстандықтар спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатқа Үш (5 балдық жүйе бойынша орташа балл 3,1) деген баға береді. Респонденттердің тек 30%-і ғана тамаша және жақсы бағаға лайық деп есептесе, қалғандары «қанағаттанарлық» (35,2%), «жаман» (8,9%) және «өте нашар» (9,6%) деп бағалады.
Сондай-ақ респонденттер болашақ Олимпиада ойындарындағы көрсеткішті жақсарту үшін не істеу керегін айтты. Азаматтардың басым бөлігінің пікірінше (37,9%), ең алдымен, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға ақша салу және спорттағы сыбайлас жемқорлықты жою (22,8%) қажет. Бұл ретте қаржыландыруды арттыру (22,8%), спорт инфрақұрылымын және бұқаралық спорттың қолжетімділігін дамыту (18,6%), тәжірибелі халықаралық жаттықтырушыларды тарту (15,3%), спортшыларды жаттығу жасау үшін ең жақсы жағдайлар жасау (11%) қажет және Олимпиададағы сәтсіздіктер үшін шенеуніктерді жауапкершілікке тарту (11,1%).
DEMOSCOPE сауалнамасы азаматтардың жартысына жуығы (49%) дене шынықтырумен және спортпен тұрақты немесе мерзімді түрде айналысатынын көрсетті; 17,7% тұрақты түрде жаттығу жасамайды, ал үштен бірі (32,8%) спортпен мүлдем шұғылданбайды.
Бұл ретте қазақстандықтардың үштен бірі (33,7%) тұрғылықты жерінде спортпен шұғылдану үшін барлық қажетті жағдай бар дейді. 25%-і жағдай бар екенін, бірақ толық жасалмағанын айтады. 15,1%-і спортпен айналысуға мүмкіндік аз десе, 18%-і жағдай мүлде жасалмаған дейді.
DEMOSCOPE зерттеуінің нәтижелері қазақстандықтардың отандық спортшыларға басымдық беретінін және басқа елдерден келген спортшылардың азаматтық алуына қарсы екенін көрсеткен.