Live

Қазақстандықтардың деректері Darknet-те сатылымға шығарылған

Қазақстанда eGov 3.0 мемлекеттік қызметтер порталы іске қосылған тұста Darknet-те Қазақстан азаматтарына тиесілі болуы мүмкін деректер базасы сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат тарады.

Даркнет

Mash Telegram-арнасының жазуынша, белгісіз қолданушы шамамен 15 млн қазақстандықтың жеке мәліметтері бар деген архивті 0,5 биткоинге, яғни шамамен 32 мың долларға сатуға қойған. Бұл Қазақстан халқының шамамен төрттен үшіне жуық.

Сатушының мәлімдеуінше, көлемі 2,7 гигабайт болатын файлда 47 млн жол бар. Оның ішінде паспорт деректері, телефон нөмірлері, электронды пошта мекенжайлары, жұмыс орны туралы ақпарат, құжаттардың скан-көшірмелері мен құпиясөздер қамтылған деген болжам бар.

Алайда бұл ақпараттың шынайылығы әзірге тәуелсіз түрде расталған жоқ. Сондай-ақ деректердің нақты eGov жүйесінен ұрланғанын дәлелдейтін нақты айғақ жоқ.

Сатылым туралы хабарландыру авторы базаны eGov жүйесін бұзу арқылы алғанын мәлімдеген. Дегенмен сарапшылардың пікірінше, жарияланған ақпарат бұрынғы деректердің бірнеше көзден жиналған жиынтығы болуы да мүмкін.

Айта кетейік, eGov 3.0 платформасы QazTech негізінде іске қосылды. Жаңа жүйеде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде артық талаптар мен әрекеттерді азайту көзделген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз