Саясат

Қазақстанға Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді

Сергей Лавров Қазақстанға екі күндік ресми сапармен келді. Сапар аясында ол жоғары деңгейдегі бірқатар кездесулер өткізеді.

Лавров

Атап айтқанда, Астанада Ресей Сыртқы істер министрі Президент Тоқаевпен және Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен келіссөздер жүргізеді.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, тараптар кең ауқымды стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындық пен екіжақты күн тәртібіндегі негізгі бағыттар қаралады.

Саясаттанушылардың пікірінше, бұл сапардың негізгі мақсаты — алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі, соның ішінде Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жоспарланған сапарына дайындық жұмыстарын пысықтау.

Осылайша, Лавровтың Астанаға сапары тек протоколдық кездесу емес, екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың келесі кезеңін дайындауға бағытталған маңызды дипломатиялық қадам ретінде бағаланып отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз