Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:19, 08 Қараша 2023

Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде 8 қарашадағы валюта бағамы қандай

сы
Фото: из открытых источников

Қазақстанда 2023 жылғы 8 қараша күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы – 467.75, еуроға шаққандағы бағамы – 498.50 және рубльге шаққандағы бағамы – 4.93 құрады.

Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау пункттерінде сағат 11:26-дағы жағдай бойынша долларды сатудың орташа бағамы – 470.5 теңге, сатып алу бағамы – 467.5 теңге. Еуроны сату бағамы 502.5 теңге шегінде, сатып алу бағамы 498.5 теңге болды. Ресей рублін 5.11 сатып, 4.93 теңгеге сатып алуға болады.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде сағат 10:11-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сату бағамы 471 теңге, сатып алу бағамы 467 теңге болды. Еуро 502 теңгеден сатылып, 497 теңгеден сатып алынады. Рубль 5.1 теңгеден сатылып, 4.95 теңгеден сатып алынады.