Қоғам

«Казцинктегі» жарылыс: Ауыр жарақат алған науқас санавиациямен Астанаға жеткізіледі

Өскемендегі «Казцинк» кәсіпорнында болған жарылыстан кейін зардап шеккендердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Оқиға орнына Астанадан шұғыл медицинаның жетекші мамандары келді.

Аурухана, төтенше жағдай

Елордадан барған мамандар жергілікті дәрігерлермен бірге науқастарды қарап, шұғыл консилиум өткізген. Қазіргі уақытта ауыр жағдайда жатқан науқастардың бірінің денесінің көп бөлігін күйік шалған. Дәрігерлер алдымен оны күйік шогынан шығару үшін күресіп жатыр. Осыдан кейін ғана оны Астанаға жеткізу мәселесі қаралады.

Ал омыртқасына ауыр зақым келген тағы бір зардап шегуші санитарлық авиация арқылы елордадағы шұғыл медициналық орталықтың нейрохирургия бөліміне жеткізуге дайындалып жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, науқастардың жағдайы тұрақты бақылауда.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз