Қоғам

Келер жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлерге қосымша зейнетақы жарнасын төлейді

Келер жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлеріне қосымша зейнетақы төлейді, деп хабарлады Zhasalash.kz.

зейнетақы

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеп, өзгеріс салымшылардың зейнетақы табысын арттыруға септігін тигізеді деп болжам жасады. Яғни, ай сайынғы 10 пайыздық жарнадан бөлек, кәсіпкерлер жұмысшыларына өз есебінен 5% мөлшерде зейнетақы жарнасын аударуы тиіс.

Ереже кезең-кезеңімен жүзеге асады. Зейнетақы қорына аударылатын сома ең төменгі жалақы мөлшерімен есептеліп, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз