Саясат

Келер жылдың демалыс күндеріне өзгеріс енгізілді

ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыратын қаулы қабылдады, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Келер жылдың демалыс күндеріне өзгеріс енгізілді

«2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» №713 Үкімет Қаулысына қол қойды.

«ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі демалыс күндерін 2022 жылғы 5 наурыздағы сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге; 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстыруды қаулы етеді», — делінген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойған қаулы мәтінінде.

Бұл қаулы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз