Live

Кенияда Эбола вирусынан екі адам көз дұмды

Кенияда Эбола безгегінен екінші адам қайтыс болды. Қайтыс болған әйелдің жасы 65-те.

Эбола

Мәліметке сәйкес, әйелдің бойында ауру белгілері карантин кезінде пайда болған. Ол қазан айының басында осы вирустың салдарынан көз жұмған ер адамның жақын туысы болған.

Қазіргі уақытта елде Эбола вирусын жұқтырудың тоғыз жағдайы тіркелген. Олардың жетеуі екі оқшаулау орталығында ем қабылдап жатыр.

Кения Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вирус жұқтырған тоғыз адамның барлығы науқастармен байланыста болғандар арасынан анықталған. Әзірге инфекцияның жалпы халық арасында таралғаны байқалмайды.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз