Қоғам

Киевте Ресей дроны Солтүстік көпірге соққы жасады

Киев қаласында Солтүстік көпірге дрон соққысы жасалып, нысанның бір бөлігі зақымданды. Бұл туралы қала әкімі Виталий Кличко мәлімдеді.

Дрон

Оның айтуынша, соққыдан көпірдің жол жабыны мен троллейбусқа арналған байланыс желісі бүлінген. Осыған байланысты сол жағалаудан оң жағалауға қарай өтетін бағыттағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Оқиға орнына жедел қызмет мамандары барып, қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Көпірдегі қозғалыстың қашан қайта ашылатыны әзірге хабарланған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз