Киік мүйіздері 1,2 млрд теңгеге сатылымға шығарылды
Қазақстанда бұл жолы жалпы салмағы 1 тонна болатын киік мүйізі сатылымға қойылды.
Лоттың бастапқы бағасы 1,2 млрд теңгеден асады. Мүйіздер E-Qazyna электронды сауда алаңына орналастырылған. Қазір аукционға қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр.
Қатысушылардың кепілдік жарнасы – 184 млн теңге.
Сауда алаңында бір келі киік мүйізінің бастапқы бағасы 2 600 доллар деп көрсетілген.