Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі жаңадан салынған «Бішкек Аренада» өтті.
Дүбірлі дода 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтеді. Биыл жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр.
Қазақстан құрамасы сапында 150-ден астам спортшы бақ сынайды.
Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бұған дейін 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғызстанда, 2022 жылы Түркияда, ал 2024 жылы Қазақстанда өткен.