Қоғам

Қытайдағы фейерверк зауытындағы жарылыстан ондаған адам қаза тапты

Ресми мәліметтерге сәйкес, 21 адам қаза тауып, 61 адам жарақат алған.

1

Қытайдың орталық бөлігіндегі фейерверк зауытында болған жарылыс салдарынан көп адам көз жұмды. Бұл туралы Xinhua News агенттігі хабарлады.

Агенттік дерегінше, апат салдарынан 21 адам қаза тауып, 61 адам түрлі жарақат алған. Өртті сөндіруге 500-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин қайғылы оқиғадан кейін жауапты органдарға негізгі салалардағы қауіп-қатерлерді тексеріп, тәуекелдерді бақылауды күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті басқаруды жақсарту және азаматтардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бергенін Reuters жазды.

Жарылыс 4 мамыр күні Қытайдың Хунань провинциясындағы зауытта болған.

Тегтер: Қытай
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз