Қыздың «жоқ» деген жауабын қабылдамаған ер адам жазаланды
Алматыда қоғамдық орында қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Жазбаға сәйкес, ер адам қоғамдық орында қызбен танысуға әрекет жасаған. Алайда қыз оның ұсынысынан бас тартқан.
Бұдан кейін ер адам қыздың үстіне су шашып, артынша әдепсіз қылық көрсеткен. Қыз полициядан көмек сұраған.
Жедел шаралар барысында Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.
Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Сот отырысының қорытындысы бойынша ер адам кінәлі деп танылып, оған әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.