Қоғам

Қызылорда облысына жаңа әкімнің қашан тағайындалатыны белгілі болды

Қызылорда облысының жаңа әкімін тағайындау 2026 жылғы 8 мамырға жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық мәслихат аппараты хабарлады.

Шенеунік

Ресми ақпаратқа сәйкес, облыс әкімі қызметіне ұсынылатын кандидатураны келісу үшін мәслихат депутаттарының жиналысы 8 мамыр күні сағат 09:00-де Қызылорда қаласындағы Облыстық мекемелер үйінде өтеді.

Жиын Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес ұйымдастырылады. Құжатта облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерін тағайындауға келісім беру тәртібі бекітілген.

Айта кетейік, Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысын 2022 жылғы 7 сәуірден бері басқарған болатын. Ол 2026 жылғы 6 мамырда Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазіргі уақытта облыс әкімдігіне кімнің ұсынылатыны ресми түрде жарияланған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз