Қоғам

Қызылорда облысында 14 жылдан кейін жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық істің беті ашылды

Қайғылы оқиға 2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болған. Топтық төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ол есін жимастан көз жұмған.

қылмыс

Оқиғадан кейін төбелеске қатысқан барлық адамдар анықталып, тексерілген. Алайда тікелей дәлелдер мен куәгерлердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ жылдар бойы ашылмай келген.

Биыл тергеу-жедел тобының мұқият жұмысының нәтижесінде басты куәгер анықталып, оқиғаның толық мән-жайы тізбектелді. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктіге шыққан. Ол сол төбелеске қатысқан азамат болып шықты және басқа ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан.

Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына жеткізілді. Жиналған дәлелдердің арқасында ол өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында қылмысқа жастар арасындағы өзара араздық пен жанжал себеп болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз