Қоғам

Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы оқушы қызға жылдар бойы зорлық көрсеткен

Қызылорда облысында 38 жастағы хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған қызға ұзақ уақыт бойы жыныстық зорлық көрсетті деген күдікке ілінді.

жыныстық зорлық

Қылмыстық іс бойынша екі адам қамауға алынған. Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 2024 жылы, ол 14 жаста болған кезде басталған. Сол кезде қыз хоккей командасымен Талдықорғанға жарысқа барған. Бір күні пәтерде жалғыз қалған кезде жаттықтырушысы оған шай әкелген. Қыздың айтуынша, шай ішкеннен кейін не болғанын есіне түсіре алмаған. Таңертең оянғанда іш киімінен қан көріп, жанында жаттықтырушының болғанын байқаған.

Жәбірленуші ер адамның болған жағдайды видеоға түсіргенін айтып, оны ата-анасына көрсетіп, көпшілікке тарататынын айтып қорқытқанын мәлімдеді. Қыздың сөзінше, осыдан кейін зорлық әрекеттері екі жыл бойы жалғасқан. Сондай-ақ ол жаттықтырушының өзін басқа ер адамдарға ақша үшін бергенін айтқан.

Қыз болған жағдайды туыстарына тек екі жылдан кейін айтып берген. Осыдан соң оның жақындары мен жаттықтырушы арасында жанжал туындаған. Оқиғадан кейін қыздың ағасы уақытша ұстау изоляторына қамалып, анасына үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғаны хабарланды.

Қызылорда облысы полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс бойынша екі күдікті – жаттықтырушы мен оның танысы ұсталған. Сот санкциясымен екеуі де қамауға алынған.Тергеу аяқталған. Қазір қылмыстық процеске қатысушылар іс материалдарымен танысып жатыр. Полиция тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайларын жариялаған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз