Live

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторы өлі күйінде табылды

Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаза тапты.

полиция

 Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, күдікті бұған дейін марқұм полицейдің өзі тұрмыстық құқықбұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан ер адам болуы мүмкін.

1 қыркүйек күні таңертең әлеуметтік желілерде жеке үйдің ауласындағы гараждан 1988 жылы туған полиция қызметкерінің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады.

Қызылорда облысының полиция департаменті қызметкердің қаза тапқанын растады.

«Арал ауданында тұрмыстық жанжал кезінде учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынған. Ол алған жарақаттарынан көз жұмды. Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында болған», – деп хабарлады ведомство.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция күдіктінің жеке басы анықталғанын және оны ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті бұған дейін де марқұм учаскелік инспектордың назарына іліккен. Полицей оны тұрмыстық құқықбұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Тегтер: полиция
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз