Қызылордада науқастарға жарамдылық мерзімі өткен дәрілер тағайындалған
Қызылорда облысында арнайы есепке алынған 7 мыңнан астам тұрғынға тиесілі тегін дәрі-дәрмек берілмей келген.
Сонымен қатар, қалалық емханаларда мыңнан астам кәмелетке толмаған балаға негізсіз дәрі-дәрмек тағайындалған. Аталмыш заңсыздықтар Қызылорда облыстық прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында анықтады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Құзырлы орган өкілдері 170 науқас медициналық көрсетімдерсіз инсулин препараттарымен қамтамасыз етілгенін анықтап отыр. Сондай- ақ, 68 дана медициналық препараттар сақтау талаптары бұзылып, 2 науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған.
Сонымен қатар өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 жұмыскер айналысып келген. Осыған байланысты уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп қарау нәтижесімен 93 тұлға жауапқа тартылды.