Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:47, 18 Сәуір 2024

Қызылордада облыстық сотқа қарасты көлік қылмыс орнынан анықталды

1
Фото:

Қызылорда қаласындағы электр құрылғыларын сататын дүкендердің бірінде ұрлық орын алды.

 Белгісіз біреулер, кәсіпкерлік нысаннан құны 3 миллион теңгеден асатын тауарды қолды еткен. Кейін белгілі болғандай, қылмыстық оқиға орнынан облыстық соттар әкімшілігіне қарасты қызметтік көлік анықталған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фемида өкілдерінің теңгеріміндегі көліктің қылмыс орнынан анықталғандығы жөнінде қоғам белсенділері хабарлады. Қызметтік автомобиль беймезгіл уақытта тәріпке сай тұрақта болмаған екен.

"Ет сасыса тұз себеміз, ал тұз сасыса не себеміз?!Әділдік пен заңдылықтың кепілі болуы тиіс Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің KZ 222 CS 11 ақ түсті “Cobalt” қызметтік көлігімен түнгі уақытта қылмыс жасалған. Сағатбек Сүлейменнің қарамағындағы көлік жұма күні түнде неге тұрақта емес?! Әлде Заңның бұл талабынан хабары жоқ па?!
Біз Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет Істері агенттігінен егжей - тегжейлі зерттеу жүргізуді талап етеміз", - деді "Әділдік жол" РҚБ Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Ләззат Бақтыбаева

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі аталмыш жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

"Қайырлы күн! kz222CS11 «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөліктің жүргізушісін жұмыстан тыс уақытта көлік басқару әрекеті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, жұмыстан босатылды. Өзге мәселелер бойынша шешім қабылдау тиісті органдардың құзырында екендігін назарға ұсынамыз", - деді Ардақ Смағамбетова.

Қазір қылмыстық оқиға байланысты тергеу шаралары жүруде. Облыстық сотқа қарасты көліктің ұрлыққа қаншалықты қатысы бар екенін құзырлы орган қызметкерлері анықтамақ.

Айнұр Төлешева

Тегтер: