Көкшетауға қоғамдық қайық керек
Бір түннің ішіндеКөкшетау қаласы Венацияға «айналды». Әрине Ақмола облысының орталығы Италиядағы тұнық теңізді ортасындағы шаһардайкөріктене кеткен жоқ.
Қылшақты өзені арнасынан асып қала аулалары лай көлшіктергетолып кетті. Кеше өңірдегі Жас АЛАШ тілшісі көктемгі су тасқыны Көкшетауға беталғанын жазған болатын.

Енді халықтыңары-бері қатынау үшін әкім Ермек МАРЖЫҚБАЕВҚА автобустардың орнына қоғамдыққайықтарды да шығаруы керек.

Қазір су алы үй менкөп қабатты12 үйдің ауласына кірген. Қаладағы бірнеше кәсіпорынның ауласыкөлшікке айналып, екі мектептің де ауласы суға толып кетіпті. Байкен ӘШІМОВкөшесінен Застанционный шағын ауданынашығатын көпірді де су басып уақытша жол жабылды.

«Менің қызым мен ұлым осы қалада тұрады. Судың кесіріненжұмысқа бара алмай жатыр. Басшылар уақытында дамбаларды ашпайды. Соныңкесірінен осылай болып жатыр. Көпқабатты үйлердің жер төлесін суға толып жатыр. КСК дұрыс жұмыс жасамайды.Бізбен ақылдасулары керек қой. Осындай кезде ғана қимылдап жатады», – дейдіКөкшетау қаласының тұрғыны Болат НҰРТАЗИН.
Осылайша халық бөгеттердіуақытында ашпаған, жазда тазалау жұмыстары жүргізілмеген деп жергіліктіатқарушы биліктің жұмысын сынға алып жатыр. Айтпақшы, биылғы жылдың наурызайында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкімет пен облыс әкімдеріне көктемгі сутасқындарына дайын болыңдар деп тапсырма берген.

«Судың маңайдағы нысандарға жайылмауы үшін техникалар жұмылдырылып, қажетті материалдаржеткізіліп жатыр.Өзеннің айналасынқұммен қоршап жатырмыз. Жертөлелер мен аулаларда су сору жұмыстары жүргізіліпжатыр», – дейді Көкшетау қалалық ТКШбөлімінің басшысы Марат ЖҮНІСОВ.
Төтенше жағдай департаментінің мәліметі сүйенсек Көкшетау қаласы бойынша қауіптіліктің қызыл деңгейіне 600 -ге жуық нысан ілігіп отыр. Облыс басшысы ақпараттық агентітктерге берген сұхбатында барлығын табиғаттың кесірі депті. Көкшетау тарихында бұндай болмаған деген Ермек БОРАНБАЙҰЛЫ табиғаттың тосын мінезін аңдау қиын деген.

Алайда, облыс басшысына Ақмола облысының географиялық, әлеуметтік жағдайы өте таныс. Олай дейтініміз шенеунік 2008 жылдан бері облыста әкімдік қызметтерді атқарып келе жатыр. 2008-2012 жылдар аралығында Аршалы ауданының әкімі болса, 2012-2013 жылдары Зеренді ауданын басқарды. Сондай-ақ, облыс басшысының орынбасары, Көкшетау қаласының да әкімі қызметін атқарды.
Фотолар автордікі.
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.