Қоғам

Көлікте отырып жолға түкіргендерге қандай жаза қолданылады?

Алматы полициясы жолда түкірген жүргізушілерге қандай жаза қолданылытанын айтты.

Көлікте отырып жолға түкіргендерге қандай жаза қолданылады?

Бұл туралы tengrinews.kz жазды.

Бұған дейін Instagram әлеуметтік желісіндегі «Азаматтық патруль – KZ» парақшасында  жүргізушінің көлік есігін ашып, асфальтқа түкірген видеосы пайда болған.

«Өз жеріне түкіретіндерге таң қаламын, олар әр жерде қоқыс тастайды, сосын оны біреудің анасы, әкелері тазалайды», — деп жазады желі қолданушылардың бірі.

Көлікте отырып түкірген жүргізушілер қандай бап бойынша жазаға тартылуы керек? Бұл сұраққа Алматы полиция департаменті  жауап берген.

Полицейлер құқық бұзушылық жол үстінде жасалғандықтан,  ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы «Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» бойынша жаза қолданылатынын айтады. Бұл бапта ескерту немесе үш АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Аталмыш айыппұл көлемі – 10 350 теңге. 2023 жылы 1 АЕК 3450 теңгеге тең.

"Құқық бұзушы көліктен қоқысты лақтырғанда немесе түкіргенде  ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша жаза тағайындалады. Құқық бұзушы саябақта түкірсе оған 434-2-бап («Қоғамдық орындарды ластау») бойынша жаза қолданылады"», — деп түсіндірді Алматы қаласы ДП баспасөз қызметі.

Тегтер: Без Тега
Т. Раушанұлы
Т. Раушанұлы Т. Раушанұлы

Оқыңыз