Қоғам

Көлікті ағаш түбіне қалдырмаңыздар! ТЖД алматылықтарға үндеу жасады

Алматыда 10 қаңтарда таңертең және түстен кейін қалың қар жауып, тұман, көктайғақ болады, — деп хабарлайды Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Көлікті ағаш түбіне қалдырмаңыздар! ТЖД алматылықтарға үндеу жасады

Ведомство өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына, автокөлік иелеріне ескерту жасады.

«Азаматтарды таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, БАҚ-тағы ақпаратты: теледидарды, радионы назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілулі құрылымдардың астына көліктерін қоймауға кеңес береміз. Қауіпсіз орын табыңыз, арнайы тұрақ орындары болса тіптен жақсы», — делінеді хабарламада.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз