Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:30, 28 Мамыр 2024

Колледж директорынан мемлекетке 29,5 млн теңге қайтарылды

а
Фото: из открытых источников

Маңғыстау облысында гуманитариялық колледж директорының қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі белгілі болды.

Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген. Бейнеу аудандық сотының 16.05.2024ж. үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, делінген Прокуратура мәлімдемесінде.

Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілген.

Фото: pixabay

Тегтер: