Саясат

Комсомол Тасмағамбетов пенсионер болды

Бүгін ҚазақстанРеспубликасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі ИманғалиТАСМАҒАМБЕТОВ зейнет жасына толды.

Комсомол Тасмағамбетов пенсионер болды

Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ сенімдісеріктерінің бірі болған ол ендігі уақытта зейнет демалысына кете ме? Әлде ҚырымбекКӨШЕРБАЕВ (мемлекеттік хатшы) немесе Бердібек САПАРБАЕВ (премьер-министрдіңорынбасары) сияқты қызметін жалғастыра бере ме?

Ақсақал жасынажеткен Иманғали НҰРҒАЛИҰЛЫ қызмет жолын Совет заманында бастаған билік басындағыкөптеген саясаткерлер сияқты комсомол, компартия, ОК политбюро мүшесі дегенсүрлі соқпақтан өтті. Оның саяси жолы жоғары лауазымдар мен мансаптарға өтебай. Ол қала, облыс, министрліктерден бастап, үкімет басшысы лауазымына дейінгіқызметтерде болды. Тәуелсіз Қазақстан тарихын 1993 жылы президент кеңесшісіболып бастаған ол Атырау облысының әкімі (1999-2000 ж), ҚРпремьер-министрі (2002-2003 ж), Алматы қаласының әкімі (2004-2008 ж), Астанақаласының әкімі (2008-2014 ж), Қорғаныс министрі (2014-2016 ж)  қызметтерімен жалғастырды.

Тасмағамбетов реформатор емес

СаясаттанушыӘзімбай ҒАЛИ Тасмағамбетовтың саяси жолының жағымсыз жақтарынан қарағанда,жағымды жақтары басым деп есептейді. Оның пікірінше, Тасмағамбетов Назарбаевтыңқасында ұзақ жылдар бойы жұмыс істегендіктен экс-президент отбасының қыр-сырынжақсы біледі және осы уақытқа дейін үлкен саясатта жүргеніне қарағанда, олардыңқарым-қатынастары жақсы.

«Иманғали Тасмағамбетов Нұрекеңнің жанында ұзақ уақытжүрді. Яғни бұл кісінің Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ отбасы жөнінде білетіні көп.Оның елші болып жүргеніне қарағанда, олардың қарым-қатынастары жаман емес»,-дейді Ғали.

Саясаттанушыныңайтуынша, Тасмағамбетов экономист, реформатор адам емес. Оның жұмыс істеу әдісіәкімшілік жолмен басқару.

Тасмағамбетов президент болса Назарбаевпен ақылдаспас еді

Бірақ, президентсайлауы қарсаңында Иманғали Тасмағамбетов Ресейге елші болып кеткенде халықарасында «Тасмағамбетовты сайлаудан алшақтату үшін өзге елге әдейі жіберді»,«Ақорда Тасмағамбетовтен сескенеді» деген сарындағы сөздер желдей есті. Бұлпікірлердің рас, өтірігін дөп басып айту қиын, әрине. Бірақ саясаттанушыТолғанай ҮМБЕТАЛИЕВАНЫҢ сөзінше, Тасмағамбетов өте күшті саяси тұлға және солсебепті де қазіргі билік транзитінің форматына келмейді.

«Тасмағамбетов өте күшті саясаткер болды. (Егер таңдау оған түскенде – ред) дәлқазіргіндей билік транзитін жүргізу мүмкін емес болар еді. Ол бұрынғы мемлекетбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдаспас еді. Белгілі бір келісімге келіп,ойын ережелерін сақтағанымен, ол тәуелсіз ойыншы. Оның тәуелсіз болуынахалықтың қолдауы себеп. Өйткені ол қазақ тілді және қазіргі қоғам талаптарына сай.Соған байланысты ол екі орталығы бар билік транзитінің форматына тиімсіз. Меніңойымша, ол бұл форматқа бастапқыда келіскенімен, кейіннен оны өзгертер еді», — дейді саясаттанушы.

Жоғарыдаайтқанымыздай Иманғали Тасмағамбетов көптеген лауазымды қызметтерді атқарды.Бірақ, солардың ішінде оның Алматы қаласының әкімі болып тұрған кезі халықарасында жиі талқыланады.

Ақын МаралтайРАЙЫМБЕКҰЛЫ Тасмағамбетовтың Алматы қаласының әкімі болған уақытын әлі күнгедейін сағына есіне алады. Оның сөзінше, Иманғали Нұрғалиұлы әдебиет пенмәдениеттегі жастарға көп көмек көрсеткен. Ол тіпті осыған байланысты экс-әкімгеарнап «Асылтас» атты өлең де жазған.

«Алтын да – тас,тас та – тас,

Бірақ, мынау мүлдебасқа, басқа тас...

Тас балқыса алтынтамшы тамар ма,

Алтын балқып тасқалпында қала ма?!», — деп басталатын өлеңде ақын саясаткерге арнап жырдан шашушашады.

«Бұндай азаматтар ұлттық тұлғалар. Алаш қайраткерлерініңеңбегін біз бағалай алмаймыз ғой, Имекеңнің еңбегі де қазаққа дәл сондай.Әсіресе, руханият саласында. Оның бәрін біз санап айтып бере алмаймыз. Бір ғананәрсені айтайын, осы мыңжылдықтың басында Имекең Алматыға әкім болып келді.Келе салып, осы қалада жандарын шүберекке түйіп әдебиетте, мәдениетте жүргенжастардың барлығына үй берді. Әйтпесе оның алдында да әкімдер болды ғой. Солкезде Иманғали жастарға баспана бермегенде, біздің руханияттың жағдайы қалайболатынын мен білмеймін», — дейді ақын.

Үй алған қаламгерлерсүйсінетін Тасмағамбетовтың бұл мінезін саяси элита арасында «кілт үлестіргіш»деп атап кеткен.

Бірақ экс-әкімніңсаяси өміріндегі «қара парақтар да» дәл осы уақытта жазылды. Ол 2004-2008жылдары әкім болған кезде Алматы қаласын ғана емес, бүкіл елді дүр сілкіндірген«Шаңырақ, Бақай оқиғалары» болды. 2006 жылғы даулы оқиға кезінде бір полицияқызметкері көз жұмып, диссидент-ақын Арон АТАБЕК бастаған бірнеше азамат ұзақжылға сотталды.

Өзін «Назарбаевтыңөнімі» деп санайтын Иманғали Тасмағамбетов 2004 жылғы мәжіліс сайлауы кезіндеоппозиция тарапынан қатты сыналды. Президент әкімшілігінің жетекшісін әділетсіз сайлау өткізді деп айыптады.

Үкімет басшысыкезінде «Қазақгейт» мәселесі бойынша президент Назарбаевтың адвокатына айналғаны ел есінде. Мәжілісдепутаттары алдында 1 млрд АҚШ долларын мемлекет басшысы құпия есепшотқасалғанын айтып, ол қаражат ел игілі үшін сақталып отыр деген болатын. Бірақ таоның ол сөзі БАҚ-та мазаққа айналды. Көпшіліктің наразылығын туғызға «Жеркодексін» де премьер-министр Тасмағамбетов қабылдатқан еді. Оның салдары — 2016жылы Атыраудан басталған жер митингісі. Иманғали НҰРҒАЛИҰЛЫНЫҢ аса дәулеттіадам екені де БАҚ-та аз жазылған жоқ. Әрине, әңгіме миллиондар туралы айтылабастағанда күйеу баласы Кеңес РАҚЫШЕВТІҢ есімі көп айтылады. Бірақ бір ғана«Наурыз» банк еске түссе қайын атаның да ақшасын есептеуден жаңыласың.

Сарапшыларпрезиденттіктен дәмелі һәм мүмкіндігін жоғары бағалаған Тасмағамбетов осылайша пенсия жасына жетіп отыр. «Жас Алаш» дерекөздерінің хабарлауынша, біздіңкейіпкер зейнетке кетуге ықласты екен. Яғни, саясаттан демалғысы келсе керек.Алайда, оны Қырымбек Көшербаевтың орнына алып келеді деген ақпарат бар. Зейнетжасындағы Тасмағамбетовтың Мемлекеттік хатшы болуын қалап отырған кітапхана ма,әлде Ақорда ма? Ол жағы бізге белгісіз.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІПБАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Коллаж: Zhasalash.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз